Каталог товаров
Меню

Күзетшіден – RK-TEL салондарының ең үздік қызметкерлердің біріне дейін | Cұхбат

Рахашев Ринат RK–TEL компаниясынан бірнеше айырмашылық белгілерін және керемет жұмысы үшін көптеген куәліктермен марапатталған,  біздің компанияның ең үздік қызметкерлерінің бірі.
Салмақты және сабырлы Ринат әрбір тұтынушыға тауарды өзіне таңдап жүргендей таныстырады. Ринаттың атқаратын жұмысы шыдамдылықты және жауапкершілікті талап етеді. Себебі біздің компанияға ең бастысы тұтынушылар.

Ең бірінші сұрақ – ең жеңіл. Біліміңіз және мамандығыңыз  туралы айтып беріңіз

- Мен Халел Досмұxамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетін 2006-2010 жылдары ауыл шаруашылығы мамандығына аяқтадым.

Қазіргі қызметіңізге дейін қайда және қандай қызмет атқардыңыз?

- RK–TEL компаниясына дейін 2010-2012 жылдар аралығында "СУНКАР СЕКЬЮРИТИ" компаниясында  қауіпсіздік қызметінде жумыс атқардым.

Біздің компаниямызға қалай орналастыңыз және қанша уақыттан бері қызмет атқарасыз?

- Бір танысым RK–TEL компаниясында күзетші ретінде жұмыс жасауға ұсыныс жасады. 2012 жылдың аяғында мен компанияға сол қызметке жұмысқа орналастым. Күзетші қызметінде жургенде тұтынушылармен жұмыс жасап, сатушыларға комектесип журдим. Сол кезден ұялы телефондар сатуға және байланыс операторларының қызметтерін көрсетуге қызығушылык пайда болды. Сол себептен алдыма мақсат қойып, 2013 жылдан бастап сатушы кеңесші қызметіне орналастым.Мен RK – tel компаниясында 6 жылға жуық жұмыс атқарып келемін.

Өз жұмысыңыз ұнайма?

- Маған өз қызметім ұнайды!  Адамдармен қарым – қатынас жасаған ұнайды,әр күні әртүрлі қызықты жағдайлар орын алып тұрады, ұжымдастырым  өте тамаша достық қарым - қатынаста, үнемі әртүрлі мотивациялық іс – шаралар жасалынады.

Жұмысыңыздан тыс уақытта Сізге әртүрлі сұрақтармен жиі келема?

- Ұзақ уақыт бойы осы салада жұмыс жасап жүргендіктен тұрақты тұтынушылар көшеде танып қалып телефондар мен акциялар жөнінде сұрақтар қойып жатады.

РК-тел компаниясы Сіздің қызметкер ретінде дамуыңызға қалай көмектеседі?

- Компания үнемі әртүрлі тренингтер өткізіп отырады. Өзіңді жақсы жұмыскер ретінде көрсеткен кезде, кәсіби деңгейде өсуге мумкіндік бар.

Біздің компанияға жұмысқа жаңадан орналасқан немесе орналасқысы келетін тұлғаларға қандай кеңес бере едіңіз?

-  Жаңа қызметкерге – сатылатын тауарлар туралы мағлұматтарды оқып өзін дамыту қажет. Алға қойған мақсаты айқын болуы керек. Сұрақ қойған адам сатылымға көмек береді. Яғни,тұтынушылармен сөйлесу арқылы, оған нақты не керегін дұрыстап анықтай біліп, оны бақытты иегер қылуға бар ынтасын салу керек. Әрбір жаңа қызмет жаңа сынақ екеніне дайын болу керек.

Жұмыстан тыс уақыттағы өз қызығушылықтарыңыз туралы айтып берсеңіз!

- Бос уақытымда кітап окуға тырысамын, велосипедпен жүргенді ұнатамын.

  • Уменьшаем расход батареи на смартфонах Xiaomi

    Так бывает, что зарядка улетучивается в геометрической прогрессии. Что с этим делать? Как исправить? Мы нашли для тебя несколько действенных советов и будем рады поделиться ими.

  • График работы наших салонов в новогодние праздники

  • Подслушивают ли нас наши смартфоны, или Откуда берётся реклама товаров, которые вы не искали

    Подслушивают ли нас наши смартфоны, или Откуда берётся реклама товаров, которые вы не искали